«Есірткіге жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

437

0

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Есірткіге – жол жоқ» тақырыбында қызмет ету аймағындағы локомотив пайдалану депосының қызметкерлеріне  түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара кезінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел қызметкерлері Қызылорда локомотив пайдалану депосының қызметкерлеріне «Есірткігі-жол жоқ» тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<