Есірткісіз өмір ғажайып!

761

0

Жаман әдеттерсіз өмір сүретін отбасылар қандай бақытты еді. Бұл ой ылғида мені Асхат досым үшін мазалайтын. Оған қалай көмектессем екен?

Менің сүйікті, бақытты отбасым бар. Өз отбасымда әкем, анам, ағам, тәтем және менің қарындасым бәріміз бірге тату тұрамыз. Ал, көшенің келесі бетінде  атам, әжем, көкем, жеңешем және олардың балалары, яғни менің бауырларым тұрады. Екі отбасының балалары үнемі бірге ойнаймыз, бірге қыдырамыз. Демалыс күндері екі үйдің ортасында шапқылып жүріп, күндерімізді қызықты өткіземіз. Осы дүрмектің ортасында бізбен бірге менің досым Асхатта жүреді. Асхат жақын досым болғандықтан өзінің балалық өмірінде өтіп жатқан қиыншылығында, қуанышында үнемі менімен бөліседі. Досымның қуанышты жүзінен мұңайып жүрген уақыттары көп. Оған себеп Асхаттың үйінде өздерімен бірге тұратын көкесі Әмір. Оның өзгеріп тұратын мінезі мен қылығы болатын. Бір күні көзі жасқа толған Асхат «білесіңбе Досхан, менің көкем есірткі қолданады екен, әкемдерде енді байқапты, мені есірткінің кесірінен ренжітетінін енді білдім, басқа уақытта мені қатты жақсы көретін, сондықтан апам мен әкеме айта алмайтынмын».

«Есірткі»-сөзін естігенде бүкіл денем тітіркеніп кетті. Үлкен ағам үйде маған нашақорлар туралы фильмдер көрсетіп, оның зардаптарын айтып, «сенде өсіп келе жатырсың, ертең саған балдарың бір рет тартып көр» десе ешқашан көруші болма, барлығы содан басталады, ақырында өмірің қор болады-дейтін. Мектептеде тәрбие сағаттарында осы туралы сынып жетекшіміз айтып, бірге талдайтынбыз. Өзім білетін есірткі туралы түсінігімде есірткінің әсерінен өз өміріңе немесе өзгенің өміріне балта шабу мен шегінерге жол жоқтың кері. Есірткі саудагерлерінің ең әлсіз және үміткүтетін клиенттері жастар мен жасөспірімдер.

Сондықтан да достар, «Жай ғана» есірткі пайдаланудың өзі ешқандай жақсылыққа бастамайды: есепке ілінгеннен бірнеше құқықтан заңды түрде айрыламыз, өзгелердің нашақорға деген күдігі мен сенімсіздігіне және жұмысқа тұру мен әскери өсуге дейін тыйым салынатынын ескермесек болашағымыздың бұлыңғыр болатыны, отбасылық құндылығымызғада кесірін тигізеді. Есірткі араласқан отбасы мен есірткісіз отбасының көрінісі осылай қалыптасатынын ұмытпайық. Менің отбасымда, туыстарымның арасында мұндайды ешкім қолданбайды. Ешкімді ешкім ренжітпейді. Өмір, есірткісіз неткен ғажайып едің…

Қарақұл Дінмұхаммед,

Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия.

10 сынып

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<