Halyk Homebank қосымшасы арқылы онлайн өтінім беру тиімді

207

0

Баланың туу туралы куәлігін алуға өтінімді Halyk Homebank қосымшасында беруге болады.
Halyk Homebank қосымшасында туу туралы куәлікті алуға онлайн өтінім бере аласыз.

Ол үшін Halyk Homebank қосымшасында 2 қарапайым қадамды орындау қажет:

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Туу туралы куәлік алу» қызметін таңдаңыз;
Электронды сауалнамаға қысқаша ақпаратты толтырыңыз:

ата-аналар туралы ақпарат;

дүниеге келген бала туралы ақпарат көрсетіп, қалаған аудандық/қалалық АХАТ органын көрсетіңіз.

Дайын болған құжат туралы хабарлама алғаннан кейін, сіз:

көрсеткен ХҚКО-да туу туралы куәліктің түпнұсқасын аласыз;
одан ары құжаттың цифрлы нұсқасын «Цифрлық құжаттар» бөлімінен пайдалана аласыз.
Г.Досмағанбетова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.
[12:00, 21.06.2024] Бану Әділет департаменті: Сайтка сап бересин бе
[12:01, 21.06.2024] Бану Әділет департаменті: Азаматтар Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады!
Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтердің смартфондар арқылы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Әділет министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервисін іске қосты. Halyk Homebank мобильдік қосымшасы арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 692 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.

Г.Досмағанбетова,

Қызылорда облысының

Әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<