Жылу беру маусымына дайындық қалай?

6

0

Жылу беру маусымы – аса жауапты кезең. Оған дайындық барысы ұдайы бақылауда болуы керек. Осы ретте облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаладағы бірқатар нысанды аралады.

Алдымен Мемлекет басшысының қолдауымен салынған жаңа жылу-электр орталығына барды. 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энер­гия­сын өндіретін жаңа орталық құ­ры­лысына түркиялық «Aksa Ener­gy» ком­паниясы 215 млрд теңге инвес­тиция салған.

Жоба аясында қуаты 185 МВт болатын 3 газтурбиналық қондырғы, 55 МВт бу турбинасы, сағатына 127 тонна бу өндіретін 3 қазандық және қуаты 150 Гкал/сағ болатын 2 су жы­лыту қазандығы орнатылды.

Бүгінде орталық толық іске қо­сылып, 240 МВт электр энергиясы өндірілуде. Сонымен қатар 4 су жы­лыту қазандығы іске қосылды. Ал­дағы жылу беру маусымында қала тұр­ғындары жаңа станция арқылы жы­лу­мен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ облыс әкімі «Ол­жас-2005» ЖШС көмір тасымал­дау­шы операторының қорын көрді. Қазір 6,5 мың тонна қатты отын жет­кі­зіл­ген. Қоймада 2 мың тонна бар, 7 вагон көмір тасымалдануда.

Бұдан кейін аймақ басшысы Қ.Мұ­ха­меджанов атындағы №1 мек­теп-гим­назиясында жүргізілген ағым­дағы жөндеу жұмыстарын көрді. Мек­тептің спорт залына, кіші зал жә­не киім ауыстыру бөлмелеріне жөн­деу жасалған. Сондай-ақ, облыс­тық аурухананың дайындығы да тексе­рілді.

Аралаудан соң жауапты сала бас­шыларына жылу беру маусымына да­йындықты қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.