Хирургтар облыстық семинарға қатысты

1459

0


Қазір ғана көп бейінді облыстық ауруханада ауруханалар мен емханалардағы хирург дәрігерлердің басын қосқан облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов қатысты.


— Бүгінгі басқосу облыс бойынша хирургия саласында медициналық көмек көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ауруханалар мен емханаларда хирургия бөлімі мен кабинеттер, ота залдары қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған. Әйтседе әріптестердің бір-бірімен кездесіп тәжірибе алмасуы маңызға ие, — деді алғы сөзінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Пазылов.
Аймақ бойынша хирургия саласының 2021 жылы атқарылған жұмыстар есебін облыстық штаттан тыс бас хирургі Б.Қуанышбаев баяндады.

Мұнан соң дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған аурухананың хирург дәрігері А. Жалмағанбетов жедел тасты холецистит кезіндегі хирургиялық әдістерімен бөлісті. «Нобел АФФ» АҚ-нан Г. Манабаева урсодезиксихолий қышқылының бауыр гепатозы кезінде әсері туралы әңгімеледі.
Басқосуда мамандар саланы дамытуға қатысты ойларын ортаға салды. Жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<