ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды

902

0

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында ақау орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соған байланысты қазір айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес.

Сондықтан ел аумағындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылды.

«Жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Мамандандырылған ХҚО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<