Індет өршіп тұр

883

0

Елде, оның ішінде біздің өңірде де  коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы күрделеніп отырғаны белгілі. Мамандардың айтуынша, оған басты себеп –  азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауы.

Нақтырақ айтқанда, жаңа жыл мерекесін тойлау, одан кейінгі елдегі орын алған оқиғалар кезінде адамдардың топтасуы  санитарлық талаптардың бұзылуына әкеп соқтырды. Мұның арты қазіргідей, яғни, індеттің өршуіне ұласқаны анық. Мәселен, 17 қаңтардағы жағдай бойынша ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында  тек Түркістан облысы «сары» аймақта тұр, қалған өңірлер түгелдей «қызыл» аймақта.

Ал Қызылордада 17 қаңтардағы мәлімет бойынша бір тәулікте  коронавирус инфекциясымен  270 жағдай  тіркелді. Атап айтсақ, Қызылорда қаласында 161, Арал ауданында 15, Қазалыда 23, Жалағашта 12, Сырдарияда 5, Шиеліде 28, Жаңақорғанда 26. Кеше 21 науқас  емделіп шықты. Жалпы 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен  облыста  21278 науқас тіркеліп, 19004-і емделіп шыққан. Республика бойынша бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 11524 жағдай тіркелді. Осылайша елде қауіпті кесел жұқтырғандар саны 1061432-ге жетті.

Әлем елдеріндегі эпидемиологиялық ахуал да  алаңдатарлық. Мәселен, халықаралық мамандар омикрон штамы әлемдегі эпидахуалды ушықтырып жібергенін айтып, дабыл қағуда. Олар кейінгі екі аптада эпидахуалдың ушығуын омикрон штамымен байланыстырып отыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының 310 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тек кейінгі 20 күннің ішінде науқастар саны 276 миллионнан 310 миллионға дейін өскен. 2021 жылдың 22 желтоқсанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, күніне 500 мың жаңа жағдай тіркелген. Бұл қарқын сақталған жағдайда 20 күнде науқастардың қатарын тек 10 миллион адам толықтыруы керек еді. Алайда 20 күнде өсім 34 миллионға жеткен. Омикрон штамы әсіресе АҚШ, Үндістан және Бразилияда көп тіркелуде. Одан кейін Ұлыбритания, Франция және Ресей елдері тұр. Ғалымдар бұған дейін омикрон штамының өлім тудыру көрсеткіші дельта штамына қарағанда бәсең екенін анықтаған. Бірақ оның таралу қарқыны дельта штамынан әлдеқайда жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус омикрон штамының таралуын цунамиге теңеген болатын.

Үндістандағы эпидахуалдың ушыққаны сонша, елге пандемияның үшінші толқыны келе жатыр деген қауіп бар. Бұл елде аталған вирустан қайтыс болғандардың ресми саны 480 мыңнан асады. Ал жалпы 35 миллионнан астам жағдай тіркелген.

Қытай Тяньцзинь портында бірнеше адамнан коронавиурс анықталып, оның ішінде екі адамнан омикрон штамы шығуына байланысты 14 миллион тұрғыннан сынама алып тексермекші.

Еуропа елдері омикрон штамының белсенділігін байқап, вакциналау және ревакциналау науқанын жеделдетіп бағуда. Францияда, Испанияда және Италияда аурушаңдық тез өсіп отыр. Әсіресе Францияда жаңа жағдайлар өте көп тіркелуде. Ұлыбритания омикрон  штамының кезекті толқынын вакцина арқылы сәл тежегендей болды. Мұнда жұқтырушылар көп болғанымен, ауруханаға түсу және өлім жағдайлары салыстырмалы түрде аз.

АҚШ-та  60 миллионнан астам жағдай тіркеліп, 830 мыңнан астам адам қайтыс болды деген деректер айтылып жүр. Бұл – әлем бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі деуге болады. Жұқпалы аурулар жөніндегі бас кеңесші, доктор Энтони Фауки науқастар саны сәт санап өсіп жатқанын мәлімдеді. Канадада да осы  штамның таралуы байқалып отыр. Латын Америкасы Аргентина, Бразилия, Мексика және Перуде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскен. Бразилия бұл аймақтағы ең көп зардап шеккен ел болып отыр. 22 миллионнан астам жағдай тіркеліп, 620 мың адам қайтыс болды деген дерек бар. Бұл – ресми статистика бойынша, АҚШ-тан кейінгі ең үлкен көрсеткіш. Перуде 200 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал біздің елде  омикрон  штамының алғашқы жағдайы 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді. Жаңа штамның тез таралуына байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлай бастады.

Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты әлем елдері түрлі карантиндік шараларды қолға алуда. Әсіресе, індетті ауыздықтаудың бірден-бір тиімді жолы – екпе салдыруға аса мән беруде. Осы орайда біздің мамандар да тұрғындарды вакцина салдыруға шақыруда. Сонымен қатар облыстың бас санитариялық дәрігерінің  арнайы қаулысы шығып, бірқатар карантиндік шектеулер енгізілді. 16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 062 324 адам, ІІ компонентін 8 620 751 адам салдырды. Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша ақпаратқа сәйкес Pfizer вакцинасының І компонентін 353 537 жасөспірім, 24 255 жүкті әйел, 61 700 бала емізетін әйел салдырған. Вакцинаның ІІ компонентін 182 257 жасөспірім, 11 886 жүкті әйел, 31 853 бала емізетін әйел алған. Ал облыста 418228 адам вакцинаның І компонентін алса, ІІ компонентін алғандар саны –393391. «Pfizer» вакцинасын салдырғандардың жалпы  саны  18174 адамды құраса, оның ішінде 14745-і – жасөспірімдер, 1459-ы – жүкті және 1970-і – босанған әйелдер үлесінде.

АҚШ-та  60 миллионнан астам жағдай тіркеліп, 830 мыңнан астам адам қайтыс болды деген деректер айтылып жүр. Бұл – әлем бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі деуге болады. Жұқпалы аурулар жөніндегі бас кеңесші, доктор Энтони Фауки науқастар саны сәт санап өсіп жатқанын мәлімдеді. Канадада да осы  штамның таралуы байқалып отыр. Латын Америкасы Аргентина, Бразилия, Мексика және Перуде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскен. Бразилия бұл аймақтағы ең көп зардап шеккен ел болып отыр. 22 миллионнан астам жағдай тіркеліп, 620 мың адам қайтыс болды деген дерек бар. Бұл – ресми статистика бойынша, АҚШ-тан кейінгі ең үлкен көрсеткіш. Перуде 200 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал біздің елде  омикрон  штамының алғашқы жағдайы 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді. Жаңа штамның тез таралуына байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлай бастады.

Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты әлем елдері түрлі карантиндік шараларды қолға алуда. Әсіресе, індетті ауыздықтаудың бірден-бір тиімді жолы – екпе салдыруға аса мән беруде. Осы орайда біздің мамандар да тұрғындарды вакцина салдыруға шақыруда. Сонымен қатар облыстың бас санитариялық дәрігерінің  арнайы қаулысы шығып, бірқатар карантиндік шектеулер енгізілді. 16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9062324 адам, ІІ компонентін 8620751 адам салдырды. Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша ақпаратқа сәйкес Pfizer вакцинасының І компонентін 353537 жасөспірім, 24 255 жүкті әйел, 61700 бала емізетін әйел салдырған. Вакцинаның ІІ компонентін 182257 жасөспірім, 11886 жүкті әйел, 31853 бала емізетін әйел алған. Ал облыста 418228 адам вакцинаның І компонентін алса, ІІ компонентін алғандар саны – 393391. Pfizer вакцинасын салдырғандардың жалпы  саны  18174 адамды құраса, оның ішінде 14745-і – жасөспірімдер, 1459-ы – жүкті және 1970-і – босанған әйелдер үлесінде.

Айнұр Батталова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<