Қызылордадан Алакөлге пойыз жүре ме?

236

0

Биыл жаз айларында Қазақстан теміржолы курорттық аймақтарға 4,2 миллионнан аса адамды тасымалдауды межеге алып отыр. Tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша Алакөл көліне бағыт алатын пойыздар қатарында биыл алғаш рет Қызылордадан танымал  туристік орынға пойыз қатынамақ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары 10 бағыт бойынша, ал жеке тасымалдаушылардың пойыздары екі бағыт бойынша қатынайды. Ұлттық тасымалдаушы өз пойыздарын ең алдымен ауа баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан құратыны айтылған. Бұл туралы компания басшылығының Алматыда өткен Алакөл көлі бағытында жазғы тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша туристік операторлар және демалыс базаларының иелерімен кездесуінде белгілі болған.

Алакөл бағытындағы пойыздар танымал туристік станциялар – «Жалаңашкөл», «Ақши» және «Бескөлге» тоқтайды.

Ал баспасөз қызметі «Қызылорда-Алакөл» бағыты бойынша нақтырақ мәліметтер кейінірек берілетінін хабарлаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<