Індеттің екпіні басылды, бірақ екпені ұмытпау керек

775

0

Коронавирустың екпіні саябырсып, әлем жайбарақат тіршілікке оралғандай. Бүгінге дейін адамзат індеттің бес толқынын бастан кешірді. Көптеген елде карантин шектеулері алына бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының өзі «2022 жыл – пандемияның соңғы жылы болуы мүмкін» екенін жариялады. Қазақстанда да эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты облыс «жасыл аймақтар» қатарында. Дегенмен мамандар сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте екенін айтуда.

Өңірдегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет тіркелгелі бері  коронавирус инфекциясын 24109 науқас жұқтырғаны анықталды. Өткен тәулікте  жаңа жағдай тіркелген жоқ. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 10 науқас (жүктеме 6%), реанимациялық төсек-орында 3 науқас ем қабылдауда (жүктеме 20%). Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов айтты.

– Өздеріңізге белгілі, індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакциналау. Облыста вакциналау жұмысы былтыр 1 ақпанда басталды. Әлі де жалғасын табуда. Вакцинаның 1-компонентімен қамтылғандар саны – 427 254, халықтың қамтылуы 94,5 процентті құрады. Екінші компонентпен егілгендер – 420 172 (92,8 процент). Pfaizer  вакцинасын 82163 адам салдырды. Ол 84,1 процентті құрап отыр. Сонымен қатар бүгінге  дейін 185 664 адам ревакциналаудан өтті, – деді ол.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<