Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік етуге анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

790

0

Бұл қызметті онлайн алу үшін қолыңызда балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болса жеткілікті.

– Egov.kz порталына кіріңіз

– Аталған қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз

– Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

– Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз

– Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз

– Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз

– «Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз

– Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз

– ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз

– Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<