Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету

1234

0

Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін тиімді құқықтық тетіктің болуы болып табылады. Алайда, барлық азаматтар заңгерлік кеңес немесе адвокат қызметіне қол жеткізе алмайды:  «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңында халықтың осындай топтарын қолдаудың әртүрлі нысандары көзделген. Осындай нысандардың бірі кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету болып табылады.

 Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға:

      1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;

      2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;

      3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге;

      5) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      6) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге;

      7) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдарға көрсетілуі мүмкін.

      Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.

      Заң көмегін өз құзыреті шегінде мыналар:

      1) мемлекеттік органдар;

      2) адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары;

      3) заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсетеді.

М.Французова,

Қызылорда облысының Әділет

департаментінің бас маманы

\

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<