Көрікті қаланың көркем кейпі

1171

0

Нұр-Сұлтан қаласы ән мен жырдың қайнар бұлағына айналды. Шырайлы шаһарды мәңгілік тақырыпқа арқау еткен талай жыр жазылды. Осылайша ақындар көркем ой түйді. Әрбірі қаланың көркем кейпін қаз-қалпында керемет айшықтаған.


Мен қазір Қазақстаннан сыртқары жерде тұрғанмен, әрдайым елімізде болып жатқан әр жаңалықты бос жібермеуге тырысамын. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің төрінде іргесі қаланған Елордамыз бүгінде сән-салтанаты жарасқан, зәулім ғимараттары зеңгір көкпен таласқан айшықты мекенге айналды. Қазір Елорда жұмыр жердегі көркем шаһарлардың қатарына қосылды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Өзге азаматтар Қазақстан жайында жылы лебіз білдіріп жатса, жүрегімізде мақтаныш сезімі кернеп, мерейіміз өсе түседі.


Осылайша Арқа төсінде ақиқатқа ұласқан армандар салтанат құрды. Ізгі мұратымыз жұлдыз болып жарқырай түсті. Оған ерекше құрметпен қараймыз. Бұл күнде шырайлы шаһар – еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі алтын ошағына айналды.

Элизабет ТҰРСЫНБАЕВА,

мәнерлеп сырғанаудан әлемнің

күміс жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<