Қызылордада колледж студенттері де қашықтан оқиды

490

0

Фото: ашық дереккөзден

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар! Синоптиктердің болжамы бойынша, 13-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында жылдамдығы 18-21 м/с екпінді жел, ауаның температурасы түнде -18-23 0С, облыстың солтүстігінде -26 0С аяз, күндіз -10-15 0С аяз күтіледі.

Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Барлық колледждердің (мемлекеттік, жекеменшік) 1, 2 курс студенттерінің 13 – 15 желтоқсан күнгі сабақтары қашықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Қызылорда қаласының баспасөз баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<