Мейірімді мейіргер

1002

0

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

Дертіңе шипа іздеп барғанда мейіргердің мейірімді қарсы алуы көңілге медет болады. Адал қызметімен қатар ақжарқын мінезімен емделушілердің сауығып шығуына үлес қосып, сол жолда аянбай еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Айсұлу Боранбаева. Ол 2014 жылдан бастап Көп бейініді облыстық ауруханасының жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесінің аға мейіргері.

1976 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қызылорда медицина колледжін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қармақшы аудандық ауруханасының мейіргері ретінде бастаған. Қызылорда облыстық кеңес-беру орталығының мейіргері қызметін абыройлы атқарған.
Жоғары санатты мейіргер, білікті қызметі үшін емделушелрдің алғысына бөленіп жүр. Жемісті қызметі үшін облыс, қала әкімдерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Айсұлу Жаңабақытқызын кәсіби мерекесімен құттықтап, толайым табыс тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<