Мобильді бригаданың саны 161-ге артты

393

0

Емханалар жанынан құрылған бар­лығы 161 мобильді топ халыққа қыз­мет көр­сетуде. Айта кету керек, бұған дейін мобильді бригаданың саны 125 еді.

Науқастарға амбулаторлы жағ­дай­да медициналық көмек көрсету,  ди­на­микалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау жасау үшін жасақталған мониторингтік топтардың 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 100-і елді мекендерде.

13 шілдеден бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№№1,6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы теміржол» ЖШС) құрылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<