Облыс бойынша 980 мың гектар жерге топырақ іздестіру жұмыстары жүргізіледі

1190

1

«Азаматтарға арналған үкімет» Mемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директоры Айнұр Тобаева филиалға қарасты жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының зертхана жұмысымен таңысты.

Жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының бір жұмысы республикалық бюджет бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау аясында әзірленетін «Жер ресурстары туралы ақпараттардың қол жетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының, «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында жасалған шарттарына сәйкес топырақ іздестіру жұмыстарын орындау болып табылады.

2021 жылға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына 980,0 мың гектар жердің жалпы топырақ іздестіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 416 млн 430 мың теңге (қосымша құн салығын қоса алғанда) қаржы бөлініп, топырақ іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Атап айтқанда:

– топырақ зерттеу;

– ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ бонитетін

анықтау;

– жерді паспорттау үшін топырақ бонитетін анықтау;

– жерді паспорттау мақсаты үшін топырақ материалдарын жаңарту;

– жер мониторингі жүргізу;

-топырақ карталарын электронды түрін дайындау.

Аталған жұмыстардың орындалуы барысы бойынша толығырақ тоқтап өтсек:

Аталған жұмыстардың далалық кезеңінде 6 топырақ іздестіру бригадалар дайындалып, мекеме теңгерімдегі 6 автокөлікпен, (оның ішіндегі 6 УАЗ) жұмыс атқарады. Далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аталған жер учаскелерінен топырақ түрлерінің таралуын және топырақ құрамындағы химиялық және физикалық қасиеттерін анықтау мақсатында топырақ тілмелері салынып олардан зертханалық сараптама жасау үшін арнайы топырақ үлгілері алынады.

Жерді іздестіру,мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының зертханасының жалпы жұмысының негізі, жердің құнарлығын, топырақ құрамындағы физика-химиялық элементтерін талдау және де тұздану деңгейін, механикалық құрамын анықтау болып табылады. Зерттеулер келесі түрлер бойынша жүргізіледі:

1.Су сорғыш

– сілтілік

– хлоридтер

– сульфаттар

– Са және Мg катиондары

– Na катиондары

– РН

2. Қарашірік

3. Механикалық құрам

4. Жалпы азот

5. Жылжымалы фосфор

6. Жалпы фосфор

7. Гигроскопиялық ылғал

8. Сіңіру сыйымдылығы

9. Игерілген негіздері

10. Көмір қышқылы

11. Көлемді салмақ

12. Үлес салмағы

13. Кеуектілік

14. Жер асты суы

Барлық зерттеулер МЕМСТ (ГОСТ)-ға сәйкес орындалады.

Қазіргі таңда, зертхана күрделі жөндеуден өткізіліуін қажет етеді. 2022 жылы жоспарлы түрде зертхананың аккредитациядан өту жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты, ағымдағы жылы зертхананың аккредитацияға дайындалу жұмыстары қарастырылған.

Аталған жұмыстарды орындау үшін зертхана арнайы жабдықтармен, құралдармен, әр зерттеуге арнайы жасақталған бөлмелерімен қамтамасыз етілуі қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<