Облыс қорында «QAZVAC», «SINOVAC» вакциналары бар

891

0

Жыл басынан бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 6286 адам ауырған. Соңғы тәулікте індеттің 3 жаңа ошағы тіркелді. Бүгінде облыс бойынша 545 инфекциялық стационарда 21, реанимациялық төсек-орында 4 науқас ем қабылдап жатса, амбулаториялық жағдайда 149 науқас бақылауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

– Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті тұрғынның I-ші компонентімен 95%-ы, II-ші компонентімен 93,9%-ы вакциналанды. «Pfizer» вакцинасының I-ші компонентімен 85 920 адам, ал II-ші компонентімен 85 797 адам қамтамасыз етілді. Ревакцинация жұмыстары басталғалы 243 403 тұрғын екпе алған. Ал қайта ревакциналаумен 28 635 адам қамтылды, – деді Ж.Мырзагелдіұлы.

Жаһандық пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25720 жағдайы анықталған. Оның ішінде 16 833 жағдай ауру симптомды болса, 8887 деректе клиникалық белгілер байқалмаған.

– Қазіргі күні облыс тұрғындарының 71,2 пайызы ревакцинациямен қамтылды. Дәл қазіргі уақытта облыста 476 доза «Казвак»,  10 595 доза «Синовак» вакцина қоры бар. Тұрғындар өз таңдауы бойынша ревакциналаудан өте алады, – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ж.Нәбиқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<