Облыстық мәслихат депутаттары ауруханаға оттегі концентраторларын табыс етті

382

0

Облыстық мәслихат депутаттары Райкүл Мансұрқызы мен Темірхан Кенжебаев Арал ауданында болып, ауданаралық орталық ауруханаға 2 дана оттегі концентраторы аппаратын табыс етті. Сонымен қатар, індетпен күресте алдыңғы шептке еңбек етіп жүрген дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл аппараттар ауданға облыстық мәслихат депутаттарының демеушілігімен беріліп отыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қазіргі кезде науқастар үшін аса қажет құрылғыны тарту еткен облыстық мәслихат депутаттарына аудан халқының атынан алғыс білдірді.

Осы аппараттар науқастарды емдеу барысында оң нәтижеге жетуге мол септігін тигізіп, емделушілердің көңілдеріне медеу болары анық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<