Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары үндеу жасады

336

0

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық шеңберінде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан көптеген профилактикалық іс-шара жүзеге асырылуда.

Полиция қызметкерлерімен айлық басталғалы 75 түрлі іс-шара өткізілсе, БАҚ мен әлеуметтік желілерде 312 жариялым жасалды.

Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы бұқара қауымға үндеу жасады.

Облыстың жедел қызмет саласының бас полицейі өз үндеуін, нашақорлық – адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек – деп бастады.
Сонымен қатар, балаларға отбасыда дұрыс тәрбие беріп, денсаулыққа назар аударып, адами қасиеттерді ұмытпай, жаман әдеттерден аулақ болуды үйрету керектігіне назар аударды.

Жастық шақты ғасыр дертімен уламай, жан-жақты ізденіп, тұлғалық қалыптасуға бет бұрып, болашақтың іргетасын бірге қалауға шақырды.

Полиция подполковнигі І.Б.Жұмағұловтың бастамасын облысымыздың түрлі сала уәкілдері мен батыр аналар және ақсақалдар қолдап, жалғастыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<