Онлайн қабылдау жүргізіледі

719

0

Мемлекет басшысы «Ха­лық­тың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымда­ма­сын іске асыру үшін жүктел­ген міндеттерді орындау мем­ле­кеттік органдар жұмы­сының азаматтармен ашық қарым-қатынас жасауға бағытталған жаңа форматын жандандыру мәселесі өзекті екенін атап көрсетті.

Осыған орай, 2020 жылдың ақпан айынан бастап облыс әкімдігінде Азаматтардың өті­ніштерімен жұмыс жасау бө­лімі құрылып, жұмыс жасау­да.

Аталған бөлім облыс әкі­міне жазылған жеке және заңды тұлғалардың өтініш­терін тіркеу, қабылдау, талап-тілектердің мазмұнымен же­­те танысу жұмыстарын үй­лес­тіреді және жергілікті ат­қарушы органдардағы өтініш­тердің сапалы әрі мерзімінде қаралуына бақылауды қам­тамасыз етеді. Бұған қоса, биылғы жылдың шілде айынан өңірлік деңгейде азаматтарды қабылдайтын фронт-офис жұмысын бастады. Фронт-офисте азаматтардың қо­йылған мәселелеріне сәйкес түсіндірме беру жұмыстары, өтініштерді қабылдау және облыс әкімдігі басшылығының жеке қабылдауына жазылу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімдігі жанында «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» жұмыс жасауда. Осы жерде қызылордалықтар прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, кірістер департаменті, әкімдік қызметкерлерінен, қор­ғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады (карантин шараларының болуына байланысты азаматтарды қабылдауға уақытша шектеу қойылған).

Орталықта 2020 жылдың 1-жартыжылдығында 471 аза­мат өзекті мәселелермен қа­былдауда болды. Олардың көтерген мәселелері – тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер және коммуналдық мәселелер.

Мұнан бөлек, барлық бас­қармалар мен аудандар, Қы­зылорда қаласы әкім­діктерінде халықпен «Кері байланысты» жүргізу мақса­тында Telegram,  Instagram, Youtubе, Twitter әлеуметтік желілері арқылы жеке парақшалар ашылып, өтініштер қабылдануда. «Fa­ce­book» әлеуметтік желі­сінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің «Open Kyzylorda», «Open Aral», «Open Qazaly», «Open Qar­maq­shy», «Open Zha­lagash», «Open Syrdaria», «Open Shi­eli», «Open Janakorgan» жобалары жұмыс жасайды.

Осы жылдың 6 айында облыс әкімдігіне 1587 өтініш түсіп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралған. Өтініш білдірушілердің кө­теріп отырған мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй және жер телімін сұрау, әлеуметтік көмек көрсету салалары болып отыр. Бұл салалар бойынша келіп түскен өтініштер, жалпы қабылданған өтініштердің 64%-ін құрайды. Осы бағыт­тағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында облыстық бюджеттен 2019 жылы – 5135 азаматқа 334,8 млн теңге, 2020 жылы 12 215 азаматқа 129,9 млн теңгеге әлеуметтік кө­мектер көрсетілді. Одан бөлек, «Біз біргеміз!» акциясы аясында 14 109 азаматқа 705,5 млн теңге қаржылай көмек берілді. 

2019-2020 жылдары халық­тың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азамат­тарға 640 пәтер табысталды. Сонымен бірге, ҚР Президентінің көмекшісі-ҚР Президенті Әкім­шілігінің Өтініштерді қа­рауды бақылау бөлімінің мең­герушісі Т.Дүйсенованың тапсырмаларын орындау мақ­сатында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шараның негізгі міндеті – билік органдарының аза­маттардың нақты әлеуметтік проблемаларын шеше отырып, тұрғындармен тікелей диалог орнату.

Осы хаттамалық тапсыр­ма­ға сәйкес, облыс әкімінің орынбасарлары мен Қызыл­орда қаласы және аудан әкімдері, олардың орынбасар­ла­рының бірыңғай онлайн-қабылдауын әр жұма сайын жүргізу жоспарланып отыр. (Об­лыс әкімдігінің құқық­тық актісімен бекітілген жетек­шілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарлары: С.Ж.Сүлейменов – энергетика,  газбен қам­та­масыз ету, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, ау­ызсу, құрылыс, жол мә­селелері, Төретам және Ақай елді мекендерін дамыту ту­ралы. С.Ә.Ахмет – іш­кі саясат, қоғамдық-саяси ахуал, мемлекеттік тіл, мә­дениет, дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты, от­басы және әйелдер мә­се­­ле­лері. Н.Ш.Тілешев – әлеу­меттік-экономикалық да­му, бюджеттік жоспар­лау, салықтар мен төлемдер, ин­дустриялық-инновация­лық салалар бойынша, кәсіп­керлікті дамыту мәселелері. Н.С.Байқадамов – білім, ден­саулық, санитарлық-эпи­де­миологиялық жағдай, жұ­мыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары туралы. Жаханов Б.Д. – ауыл шаруашылығы, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурс­тарын пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігі, мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы). 

Оған қоса, тамыз айынан бастап барлық деңгейдегі әкімдердің ресми сайттарында өтініштерді қабылдау, жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтар бо­йынша парақшалары ашылып, таңдау сұрақтары енгізіліп жұмыс жасайтын болады.

Облыс әкімдігі басшылы­ғы­ның онлайн-қабылдау кес­­тесі Қызылорда облысы әкім­­дігінің ресми сайтында жа­рияланатын болады.

Қызылорда облысы әкімінің аппараты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<