Орал қаласындағы мектептер оффлайн оқытуға көшеді

939

0

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Орал қаласындағы мектептер 24 сәуірден бастап дәстүрлі оқытуға көшеді. Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс орталығындағы барлық 50 мектеп ертеңнен бастап штаттық режимде оқиды.

Бұған дейін қалада 15 сәуірден бастап 61 214 оқушы онлайн білім алып келген еді.

«Орта мектептердегі эвакуациялық пункттер қосымша резервте тұрды. Бұл жөнінде кейін хабарланады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын су тасқынына байланысты Орал қаласының барлық мектептері онлайн оқытуға көшетінін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында 864 сантиметрді көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<