Партиялық тізімді ұсыну аяқталды

599

0

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының  кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарына сәйкес саяси партияның тиісті филиалы немесе өкілдігі партиялық тізімін тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну 4 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев, сайлау  комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева хабарлады.

– Қызылорда облысы бойынша партиялық тізіммен мәслихат депутаттығына ұсы­нылған кандидаттардың жалпы саны – 381. Оның ішінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған үміткерлер – 156. Сондай-ақ, партиялық тізім бойынша Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына барлығы 72 үміткер ұсынылды. Оның ішінде әйелдер мен 29 жасқа толмағандардың саны – 23. Пар­тиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен “ҚР сайлау туралы заңы” талаптарына сай келеді, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Айта кету керек, осы кезге дейін Сыртқы істер министрлігінің 39 байқаушыны аккредиттеу туралы ұсынысы түскен. Олардың ішінде 35 байқаушы – ТМД байқаушылар миссиясы құрамында, 4 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымы миссиясынан. Жалпы ха­лық­аралық байқаушыларды ак­кредиттеу 4 қаңтарда  сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<