Қай желі танымал?

697

0

Қазір әлеуметтік желі әлеуетті күшке айнал­ды. Ойын-күлкі де, ашу-ыза да, талап-тілек те, есеп-қисап та осы желі­лерде тоғы­сып жатыр. Әлеуметтік желі – біреу үшін арыз айтар тұрақ болса, біреу үшін – кәсібін дөңгелетудің басты құралы.

Statcounter Global Stats дерегі бойынша, Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі Twitter екен. Үздік үштікке сондай-ақ YouTube пен Facebook кіреді. Бірақ әлемдегі ахуал өзгешелеу. 2021 жылдың тамызындағы мәлімет бойынша, халықаралық деңгейде Фейсбуктің үлесі басым – 73,27 пайыз. Одан кейінгі орындарда тұрған Twitter (8,91 па­йыз), Pinterest (7,22 пайыз), YouTube (4,72 па­йыз) және Instagram (3,41 пайыз) желілері­нің Цукерберг негізін қалаған жүйенің шаңына ­да ілесе алмай тұрғанын байқар едік. 

Фейсбуктің Қазақстандағы үлесі 14,85 па­йыз мөлшерінде ғана. Twitter – 16,56, YouTube – 16,07 пайыз. Сонымен қатар Instagram мен VK-ның нарықтағы үлесі қарайлас – 13,92 және 13,7 пайыз. Ал мобильді телефоннан кіріп пайдалану тұрғысынан Twitter (17,1 пайыз), Facebook (16,4 пайыз) және Instagram-ның (16,11 пайыз) бәсі биік болса, үстел компьютері және ноутбук арқылы пайдалану жағынан YouTube (39,22 пайыз), VK (16,86 пайыз) және Twitter (12,79 пайыз) көш бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<