Қалалық ауруханадағы наурыз тойы

753

0

Наурыз мерекесін қалалық аурухана ұжымы салтанатты атап өтті.

Аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы ардагерлер мен ұжымды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өткен жылы жемісті еңбек еткен бір қатар медицина қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Бөлім қызметкерлері беташар, бесікке салу рәсімдерінен сахналап, танымал өнер иелеріне пародия жасап, халық әнін шырқап, би биледі. Ұлттық спортты да ұлықтап қол күрес, гір тасын көтеруден сайыс болды.

Кәсіподақ ұйымы атынан көрініс көрсеткен бөлімдерге қысқа толқынды пеш сыйға берілді. Ынталандыру ретінде барлық бөлімдерге үтік пен тефаль табысталды. Ұлттық ойын жеңімпаздарына бірінші, екінші орын ұялы телефон, үшінші орынға да бағалы сыйлық және барлық қатысушыларға естелік сыйлықтары берілді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<