Қармақшы: Қызметтік көліктер дәрігерлерге көмектесуде

1045

0

Әлемді алаңдатқан пандемия кезінде дәрігерлерге көмек қолын созу, тұрғындардың түскен шақыртуларына жедел жетуі үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар шаралар атқарылуда.

Аудан тұрғындарына жедел көмек көрсету бағытында Жосалы кенті мен ауылдық округтерде орналасқан мемлекеттік мекемелердің 13 автокөлігі кезекшілікке қойылып қызмет етуде.

Аудан көлемінде санитарлық-эпидемологиялық ахуал тұрақталып келеді. Індетпен күресу үшін медициналық бақылау жұмыстары қатаң жүргізілуде.

Қазіргі таңда аурухана эпидемологтары тарапынан күшейтілген түрде дезинфекциялық шаралардың уақытылы өткізілуін және барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тұрақты бақылауға алынған.

Осы ретте аудан тұрғындарына каратин режимін қатаң сақтап отбасылық мерекелер мен жиын тойларды, ас беру, т.б. басқосу өткізу мен ұйымдастыруға тиым салынады.

Осындай күрделі кезеңде әрбір аудан тұрғыны жауапкершілікті сезініп, белгіленген тәртіпке бағынып, індетті жеңуге бірге атсалысайық!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<