Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы

355

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы  Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<