Қауіпсіздік шаралары басты назарда

839

0

Облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ мүшелері ағымдағы жылғы 21 шілде күні Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы шомылуға тыйым салынған орындарға қоғамдық бақылау жасады. Қоғамдық бақылау барысында тұрғындарға қауіпсіздік шаралары мен суға түсу ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Қоғамдық бақылауға қалалық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бархан Ахылбаев, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Сейтжағыпар Сағитжан Қадырұлы, Пірімжан Дінмұхамбет Ғалымжанұлы және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова қатысты.

Арнайы бақылау жұмыстары барысында қала аумағында орналасқан ПМК-29 саяжайындағы суға шомылу орындарында
86 тұрғынға (оның ішінде 52 жасөспірім бала) суға түсудің қауіпті аймақтары туралы және суға шомылу кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік шаралары жайлы ақпараттық түсіндірме берілді.
Қоғамдық бақылау жұмысы облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.


Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларының маңыздылығын ескере отырып, бақылау және түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<