Қазалыда 600 орындық мәдениет үйі салынады

950

0

Қазалы ауданының орталығынан 600 орындық мәдениет үйі мен 250 келушіге арналған емхана ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

-Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіш 2,2 есеге көбейді. Қазіргі таңда, 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. 5 ғимарат пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында №226 мектеп-гимназиясына қосымша спорт залы және Қ.Пірімов ауылынан спорт кешені салынады,-деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде жыл соңына дейін бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық мектептің құрылысы басталады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<