Қазалыда ауылішілік 33 көше жөнделеді

557

0

Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы жақсарды. Мәселен биыл аудандық маңызы бар 64 шақырым мен елді мекенішілік 33 көше жөнделеді. Бүгінде 18 көшенің жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінен 2 көше қайта жаңғыртудан өтеді. Аймақаш мөлтек ауданынан автомобиль жолы салынады.

-Биыл ең бастысы осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын аяқтаймыз. Жақын арада шалғайдағы ауыл тұрғындары асфальт жолмен жүретін болады. «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдарды да жөндеп бітіреміз. Ал, Басықара мен Абай елді мекенінің аралығындағы 20 км жолды жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен 306 млн. теңге қаржы қаралды. Одан бөлек, Отгон мен Тасарық, Әйтеке би кенті мен Басықара, Бекарыстан би – Майдакөл – Түктібаев және Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендерін байланыстарын 64 шақырым жолды жөндеу үшін 5 жоба дайындап, қаржыландыру үшін автомобиль жолдары комитетіне бюджеттік өтінім тапсырылды,-деді Мұхтар Әуесұлы.

Үстіміздегі жылы «Әйтеке би-Басықара» аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойындағы темір бетонды көпірді қайта жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 93 млн. теңге бөлінді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<