Қазалыдағы балабақша ұжымы Мақтаралға көмек берді

1407

0

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде орналасқан «Алпамыс» балабақшасының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

Білікті маман Эльмира Нұрмағамбетова басшылық жасайтын балабақша ұжымы қасиетті Рамазан айында арнайы ашылған есеп шотқа 163 мың теңге қаржы аударды.

Бұл қайырымдылықшарасынан балабақшаның ата-аналары да қалыс қалмапты. Игілікті істі қолға алған балабақша ұжымына олар да өз үлестерін қосқан.

Көп ұзамай балабақша ұжымына Түркістан облысының Мақтаарал ауданынан қуанышты хабар жетті.

Жетісай аудандық «Зекет қорының» жетекшісі Нұрқазы Нәлібаев бұл қаражаттың бір бөлігінеЖетісай қаласындағы №119 мектепте орналасқан мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен балаларға қажетті заттар алып берілгенін айтқан. Бұл жерде Мақтаарал ауданына қарасты Өргебас және Жеңіс ауылының тұрғындары жайғасқан.

Ал, қаражаттың қалған бөлігіне тағы да тұрғындарға қажетті заттар алынып, «Алпамыс» балабақшасының ұжымының атынан Жетісай қаласындағы азық-түлік қоймасына тапсырылған.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<