Қазақстанда тоғызыншы рет аза тұту күні жарияланып отыр

244

0

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тоғызыншы рет аза тұту күні жарияланып отыр, деп жазады Egemen.kz

Алғаш рет Ұлттық аза тұту күні 2006 жылы жарияланды. 20-шы қыркүйекте Қарағанды облысы Ленин атындағы шахтадағы жарылыстан 41 шахтер қаза тапқан еді. 

Екінші рет 2008 жылдың қаңтарында осы Қарағанды облысының Абай шахтасындағы жарылыстан 30 кенші мерт болды. 

2010 жылы наурызда Алматы облысының Қызылағаш ауылын су басып, 45 адам бақилық болды. 

Ал 2012 жылдың маусымында Арқанкерген оқиғасы болып, шекара бекетіндегі шабуылдан 15 шекарашы қаза тапты.

Сол жылдың желтоқсан айында ҰҚК тиесілі əскери ұшақ құлап, 27 адам көз жұмды. 

2013 жылдың қаңтарында Көкшетау-Алматы бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қайтыс болды.

2016 жылы маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғадан 8 адам құрбан болды.

2019 жылдың желтоқсанында Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз