Қазақстандықтарға қай кезде маскасыз жүруге болады?

318

0

Халық алдындағы есептік кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындарға қай уақытта маскасыз жүруге болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Кездесу барысында министрге коронавируcтан вакцина салдырған қазақстандықтарға маска тақпаса бола ма деген сұрақ қойған. Алексей Цой бұл мәселе қай уақытта қарастырылатынын айтып берді.

«Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін вакцинацияның 60%-дық шегіне жетуіміз керек. Осыдан кейін маска режимінен шығу мәселесі қарастырылатын болады», – деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін министр Алексей Цойға қазақстандық вакцинация паспорты өзге елдерде жарамды бола ма деген сұрақ қойылған еді. Бұған жауап ретінде Цой әлемде азаматтардың қозғалысын шектейтін жалпыға ортақ құжат жоқтығын мәлімдеді. Десе де министр қазақстандық жүйе халықаралық жүйемен интеграциялануға дайын екендігін алға тартты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз