Қазақстанға коронавирусты зерттеуде Роберт Кох институты көмектеседі

774

0

Қазақстан Германиядағы Роберт Кох институтында референтті зерттеу жүргізу бойынша ДДСҰ Еуропа бюросымен келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, Қазақстанда КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған еді.

«COVID-19 жағдайларын тіркеудің жаңа амалын қолдану жұқтыруы мүмкін пациенттерді түгел қамтып, статистикалық амал-әдістердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз ДДСҰ-ның кеңесін толық қолдануға дайынбыз», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
ДДСҰ-ның Еуропа бюросының сарапшылары техникалық кеңес барысында Қазақстан ДДСҰ зертханасында Германиядағы Роберт Кох институтында референтті зерттеу жүргізу бойынша ДДСҰ Еуропа бюросымен келісімге келген.

«Бұл коронавирус пандемиясына қарсы күресте біздің мемлекет ашық саясат жүргізетінін көрсетеді. Біз ДДСҰ кеңесін басқа мемлекеттер де қолданады деген үміттеміз», – деді ол.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<