Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды

514

0

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 маусым күні Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында Шымкент-Самара тасжолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктері соқтығысқан.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<