«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы сайланды

1417

0

Бүгін «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының онлайн режимде отырысы өтті.

Қауымдастықтың атқарушы директоры Э.Теңізбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бұған дейін қауымдастықты басқарып келген Сапура Абдрахимова денсаулығына байланысты аталған қызметті тоқтататынын мәлімдеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін оған облыс әкімінің орынбасары С.Ахметтің Алғыс хаты табысталды.

Қауымдастық төрайымы лауазымына ҮЕҰ мүшелерінің бірауыздан қолдауымен «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден сайланды.

Сб ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<