Қызылорда тұрғыны пәтерінде асылып қалды

748

0

Қызылорда қаласында 47 жастағы тұрғын пәтерінің балконында жіпке асылып қалды.

Қайғылы оқиға бүгін Панфилов көшесінің бойындағы бес қабатты үйде болған.

«Хабарламада пәтерлердің бірінен жағымсыз иіс шыға бастағаны айтылған. Үй иесі ешкімге есігін ашпаған. Құтқарушылар пәтер ішіне кірген сәтте балконда үй иесінің жіпке асылып тұрғанын анықтады. Мәйіт полиция қызметкерлеріне табысталды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Бұл оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті түсініктеме берді. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Онда өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар таайындалды. Мәйітке сырттай қарап тексеру жүргізілді. Мәйіттің денесінен дене жарақаттары анықталған жоқ. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Әділжан ҮМБЕТ


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<