Қызылордада екі азаматқа бүйрек  трансплатациясы жасалды

395

0

Фото автордан

Екі күн бойы Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. 46 және 49 жастағы әйелдер. Олардың біріне туған бауыры, енді біріне жұбайы донор болған. Екеуіде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған жандар, бірі жасанды бүйрек аппаратымен үш жылға жуық ем алып жүрген. Отаға Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, А.Н.Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің басшысы Мададов Ислам Курбанович, аталған орталықтың

Операциялық блок меңгерушісі, уролог-трансплантолог Ернұр Белгибаев,
Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімінің уролог дәрігері, екінші санатты хирург дәрігер Ельшад Набиев және басқа да білікті мамандар қатысты.

Екі ота да сәтті өтті. Әрі білікті мамандар тәжрибесімен барлық еліміздің дәрігерлеріне
18 және 19 наурыз күндері онлайн «Бүйрек Трансплантация» атты шеберлік сағатында бөлісті.

Тәжірибелі трансплатация мамандары біздің облыста күрделі отаның бұл түрінің дамып жатқанына ризашылықтарын білдірді. Одан әрі жалғастыру үшін дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, медициналық көмекті қолжетімді етпек. Алматыдан арнайы келген А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының ақ халатты абзал жандарына ауқымды отаның сәтті өтуіне қосқан еңбектері үшін және шеберлік сағаты арқылы өз тәжірибелерімен бөліскені үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<