Қызылордада электр бағаны көлік үстіне құлады

190

0

Бүгін Қызылордада электр бағанасы көлік үстіне құлап, ішіндегі адамды басып қалды.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 14.18-де болған. Бұл жерге өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары дереу жетті. Онда 51 жастағы азаматтың «ГАЗель» көлігінің ішінде қалып қойғаны анықталды.

«Бұдан кейін өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары арнайы көлікпен құлаған бағананы көтерді. Зардап шеккен азаматтың көлігін қауіпсіз жерге шығарды. Оған медициналық көмек көрсетілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Әділжан ҮМБЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз