Қызылордада карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді

553

0

Қызылорда облысы бойынша 25 мамырдан бастап кезең-кезеңімен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«Бесінші кезеңге, яғни 25 мамырдан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 6-11 сынып оқушылары үшін жеке қосымша білім беру орталықтары. Яғни жеке сабақтар бойынша 1 адамнан болса, ал топтық сабақтарға 10 адамнан аспайтындай және оқу бөлмесіндегі оқушылардың ара қашықтығы 1,5 метрді сақтай отырып, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00 –ге дейін істейтін болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды»,-деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып және шектеулі уақытта қызмет көрсететін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз