Қызылордада нысандар қызметіне қойылған шектеулер алынып тасталды

720

0

Қызылордада демалыс күндері нысандар қызметіне қойылған шектеулер алынып тасталды. Қызылорда қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бұған дейін «Ashyq» жүйесіне қосылғанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері барлық нысандардың қызметіне тыйым салынған болатын.

Енді жүйеге тіркелген объектілер сенбі, жексенбі күндері де өз жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жалғастырады. Қаулы кешеден бастап күшіне енді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<