Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық

408

0

Қызылорда облысында суға шомылу кезеңі 1 маусымда басталады. Осыған орай, бүгінде суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

-Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар және тиісті жауапты мекемелермен алдын алу жұмыстары бойынша нақты іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысының 2023 жылғы 13 қаңтардағы қаулысына сәйкес суға шомылу маусымына облыс аумағында 4 коммуналдық жағажай белгіленді. Атап айтсақ, Шиелі ауданында «Ақ орда», Сырдария ауданында «Қалғандария», Қармақшы ауданында «Мұратбаев» және Қазалы ауданында «Қашқан су» жағажайлары. Айта кететін жайт, суға шомылу маусымында облыс тұрғындары мен қонақтарын барынша абай болуға шақырамыз,-деді Бекболат Қайырбекұлы.

-Сырдария өзенінде шомылу аймақтарына бақылау жүргізіп жатырмыз. Өткен 2022 жылы құтқарушылардың көмегімен 10 адам құтқарылған болатын. Қайғылы жағдайдың басты себептерінің бірі белгіленбеген жерге суға шомылуы мен ішімдік ішіп суға түсу факторлары болып отыр. Бүгінгі таңда су айдындары мен демалыс орындарында облыс тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2570 жиын өткізілді. Алдағы уақытта да қауіпсіздік шараларын ұйымдастыра береміз,-деді Қызылорда облысы ТЖД басқарма басшысы Асхат Тоғызбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<