Суға шомылғанда сақтық керек

191

0

Қызылорда да бірнеше күннен бері күн ысып кетті. Сынап бағанасы 40 градустан асып түсті. Тиісінше, суға шомылушылар қатары артқан. Мамандар, қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмау қажет.


– Аймақта маусым айынан бастап суға шомылуға арнайы орындарға рұқсат берілді. Бүгінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған аумақтарға 133 ескертпе тақтайшасы орнатылды.Қауіпсіздік шарасына мән бермейтіндер азаймай отыр. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдайлармен де аяқталып жатады. Суға кету фактілері, негізінен, мас күйінде шомылу, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыру және қауіпті немесе тыйым салынған аумақта суға шомылудың салдарынан болады. Сондықтан абай болыңыздар. Балаларды көзден таса жібермеңіздер, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.-

– Аймақ тұрғындарына судағы қауіпсіздік шаралары туралы жауапты сала мамандары сағат 15.00-22.00 аралығында рейдтік және патрульдеу шараларын ұйымдастыруда. Нәтижесінде 1520 адамға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балық аулайтын орындарда 189 рейд өткізілді,-деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев.


Брифинг соңында сала мамандары ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың су кету фактісінің алдын алуда бақылауды күшейтуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз