Сыр елі патриот жеңімпаздарды күтіп алды

282

0

​Бүгін Сыр жұрты «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының I орын иегерлері «Сыр айбындары» құрама командасын күтіп алды.

«Сыр айбындары» командасы жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен өткен «Айбын – 2023»
IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында I орын иеленіп, Сыр жұртшылығын қуантқан болатын.

​Күтіп алу шарасына Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Есмаханов, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының» төрағасы
М. Ршауов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Б. Қали, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және жас жеңімпаздардың туған-туыстары қатысты.

​Салтанатты шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, шынайы лебізін білдірді. «Алаштың анасы атанған Сыр елі ақын-жыраулармен қатар, елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлар да шыққан қасиетті мекен. Жалаңтөс пен Жанқожа сынды бабалардан бастау алатын батылдықтың сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бүгінде «Сыр айбындары» командасының халықаралық әскери-патриоттық жиында жалпы командалық есепте жүлделі I орынды иеленуі соның дәлелі. Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!» – деді.

​Жас патриоттарды айтулы жеңістерімен тағы да құттықтаймыз!

Алға Сыр елінің айбынды жастары!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<