Сыр өнерін қолдаушылар көп

809

0

Жерлестеріміз ел өнерпаздарының арасында қаралым бо­йынша топ жарды. Қазақстан Рес­публикасы мәдениет және спорт минис­трлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жаз әуендері» атты облыс­тық концерттік ұйымдардың үздік концерттері жобасы аясында облыстық филармония­ның онлайн-концерті өткізілді.

Министрліктің «YouTube» каналында өткен «Жаңа серпін – жыл концерті» атты концертке облыстық филармонияның өнер ұжымдары мен жеке орындау­шылары қатысты. Онлайн-концерт мыңнан аса қаралым жинады. Ұлтымыздың ғасырлар бойғы өнерін бойына сіңірген аспаптарды құрамына қосқан «Тұрмағамбет» халық аспаптар оркестрі, камералық оркестр, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі жеке өнерпаздарды сүйемелдеді. Бүгінде аталған концерт ел аузында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<