Сырдарияда 4884 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады

255

0

Фото: Сырдарияда ауданының әкімдігі

Ауданда балалардың дұрыс тамақтануы тұрақты назарда. Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге бірқатар мектептердің асханаларын аралап, балаларға ыстық тамақтың талапқа сай берілуін бақылады.

Бүгінде аудан бойынша 4884 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оларға күнделікті ас мәзіріне байланысты тамақ беріледі.

Аудан басшысы асханалардың санитарлық тазалығы, қоймадағы азық-түліктердің жарамдылық мерзімі және ас мәзіріне сәйкес дайындалған тағамның мөлшері мен сапасына баса назар аударып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бүгінде арнайы жұмысшы топ құрылып, аудан бойынша барлық білім мекемелеріндегі ыстық тамақпен қамту барысына зерделеу жүргізуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<