Тереңөзек балалары тоғызқұмалақ ойнады

702

0

Кеше Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, ‘’Асыл мұра-Орда’’ қоғамдық қоры «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында тоғызқұмалақ өткізді. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау шараның басты мақсаты. Тапқырлық, жүйріктік, ішкі түйсікті дамытуға ерекше ықпал ететін зияткерлік спорт түрінен Тереңөзек кентінің балалары қатысты. Сайыс соңында жеңіске жеткен жастарды диплом мен сыйлықтармен марапаталды және ынталандыру орындарыда табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<