Тігін цехы тынымсыз еңбек үстінде

647

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық мүгедектер күніне орай Қызылорда қаласында кәсібін ашқан мүмкіндігі шектеулі азаматшаның цехына барып, ерекше жанға электронды арбаны тарту етті.

Аймақ басшысы І топ мүгедегі Тамара Ақмағанбетованың құс жастықтарды тазалап, қайта өңдейтін «Мамық» цехының жұмысымен танысып, шағын өндірістің жұмыс процесін бақылады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру және оларды бизнеске бейімдеу мәселесінің ерекше назарда екенін жеткізіп, мерекемен құттықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<