«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өтеді

701

0

10 қараша, сәрсенбі күні сағат 10.00 де «Достық» үйінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, «Qazaq Epos» қоғамдық қоры және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен 6-10 сынып оқушылары арасында өтіп жатқан республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өтеді.

Бұл кезеңде байқаудың қала, аудандық кезеңдерінде жеңімпаз болған 24 оқушы сынға түседі. Талапкерлер «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысады.

Байқауға қатысушы балалардың денсаулығына қауіп төндірмеуді ескере отырып, ата-аналар мен басқа да жанкүйерлердің карантин талаптарын қатаң сақтауын сұраймыз.

Байқау «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<