Ұлттық ойындар қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу жоспарына енгізілді

627

0

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» жоспарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру – наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы. Барлық іс-шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:

Қыркүйек – «Сергіту сәті»

Қазан – «Әнұран айту»

Қараша – «Асық ату»

Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»

Қаңтар – «Қазақ есебі»

Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»

Наурыз – «Домбырашылар»

Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»

Мамыр – «Жасыл мекен».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<