Вьетнамда COVID-19 сияқты вирус пайда болды деген ақпарат жалған

592

0

27 шілдеде Вьетнам Денсаулық сақтау министрі Нгуен Тхань Лонг Дананг қаласында COVID-19-дан өзге, жұғуы жөнінен аса қауіпті жаңа вирус пайда болғаны жайында хабарлаған еді, – деп жазады Egemen.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына осы мәліметтің қаншалықты шындығы барын білмекке хабарласқан РБК сауалына ДДСҰ-ның Вьетнамдағы өкілі Кидун Парк: «Дананг қаласындағы вирустың әлемнің басқа елдеріне тараған КВИ-дан айырмасы жоқ, сондықтан адамдардың қорқынышқа бой алдыруына да негіз жоқ», деп жауап берді.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<